2018 жылғы «16» мамыр № 109

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген  

«Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісі және құжаттама жасау қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері болады (осы Ережеге тізбеге сәйкес).

3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 177.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi;

орыс тілінде – Государственное учреждение «Управление информатизации, государственных услуг и архивов Западно-Казахстанской области»;

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi 

14. Басқарманың миссиясы:

Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ архив ісі және құжаттама жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Басқарманың мiндеттерi:

1) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды экономика мен тіршілік етудің негізгі салаларына енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

16. Басқарманың функциялары:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

3) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсім бойынша мемлекеттік органның архитектурасын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;

5) облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асырады;

6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;

8) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз етеді;

9) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;

10) уәкілетті органмен келісім бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның орналастыруын қамтамасыз етеді;

11) облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді;

12) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

13) өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдайды;

14) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді;

15) облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлейді;

16) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын қамтамасыз етеді;

17) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды алады;

18) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар алуды қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

20) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

21) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуды ұйымдастырады;

22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды және мониторингілеуді жүргізеді;

24) облыс аумағында архив iсi және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады;

25) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;

26) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

27) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштердің қорғалуын, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастырады;

28) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

29) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруын үйлестіреді;

30) облыстың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

31) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдаланады;

32) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;

33) облыстың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинауды және кері қайтаруды жүзеге асырады;

34) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;

мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарына талдау жүргізуге;

облыс әкімдігіне мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, ақпараттандыру, архив ісі және құжат жасауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

облыс аумағында Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын бақылауға;

өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

          18. Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

          19. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

          20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

          21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

          1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары алдында есеп береді;

          2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін бiлдiредi;

          3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
          4) бөлім басшыларының міндеттерін анықтайды;

          5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді; 
          6) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

          7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттамасына қол қояды;

          8) бөлімдердің ережелерін бекітеді;

          9) шарттар жасасады;

          10) сенімхаттар береді;

          11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманың мүддесін білдіреді;

          12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

          13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
          14) облыс әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
          15) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

          16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

          17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

          18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

          19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

          22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      

 

4. Басқарманың мүлкі

 

23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
          25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

1) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Ақжайық ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік архиві»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Бөрлі ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Жаңақала ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Жәнібек ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Зеленов ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Казталов ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Қаратөбе ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Тасқала ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Теректі ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Шыңғырлау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

2018 жылғы «__» ____________№___

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілді

 

«Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің құрылымы мен штат саны

 

Құрылымдық бөлімшелердің және

лауазымдардың атауы

Штат бірліктерінің саны

Басқарма басшысы

1

Басшының орынбасары

2

Ақпараттандыру бөлімі

Бөлім басшысы     

1

Бас маман

3

Әкімшілік бөлімі

Бөлім басшысы     

1

Бас маман       

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімі

Бөлім басшысы    

1

Бас маман       

2

Архивтермен жұмыс жөніндегі бөлім

Бөлім басшысы    

1

Бас маман      

1

БАРЛЫҒЫ

15