Батыс Қазақстан облысының цифрландыру жобалары туралы АҚПАРАТ

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында басымдық берілген 11 бағыт бойынша (денсаулық сақтау, білім беру, көлік және қауіпсіздік, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, қалалық басқару, бизнес, экология, әлеуметтік сала, құрылыс) 140-тан астам жобалар іске асырылуда. Іс-шараларды жүзеге асыруға облыс аудандары тартылуда, цифрландыру бойынша жобаларды бақылау және үйлестіру үшін әкімдіктерге арнайы рейтинг де әзірленді.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты цифрлық жібек жолын іске асыру бойынша 2020 жылға дейін МЖӘ бойынша елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасы жүргізілуде. Бұл бағыт қала мен ауыл арасындағы цифрлық айырмашылықты жою мақсатында АКТ инфрақұрылымды құруға бағытталған. Жоспар бойынша 2019 жылы 60 елді мекенде кең жолақты интернет желілері өткізілетін болады.

Денсаулық сақтау саласында: 121 есептік нысандар қағазсыз түрде жүргізіледі; Орал қ. тұрғындарының электрондық төлқұжаттары әзірленді; k-vrachu.kz мобильді қосымшасы іске қосылды (30 мыңнан астам жүктеу); жедел медициналық көмек бригадалары толықтай планшеттермен және  GPS навигаторлармен жабдықталды (келус уақыты 12-ден 9 минутқа дейін қысқарды); қала емханалардың барлығында электронды кезекті басқару жүйесі (күту уақыты 30 минуттан 15 минутқа дейін қысқарды) іске қосылды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымшаны әзірлеу, аурулардың алдын алу үшін арнайы құралдар – мобильді офтальмоскоп және дерматоскопты пилоттық режимде енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілді.

Білім беру саласында: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баланы қабылдау қызметі автоматтандырылды (аудандар – 2019 жылы); 100% қала мектептері және 116 (37%) ауыл мектептері электронды Kundelik.kz журналымен жұмыс істейді; барлық 225 шағын жиынтықты мектептер Bilimbook компьютер-трансформерлермен жабдықталған. Ағымдағы жылы орта білім беру ұйымдарына (мектептер) қабылдауды автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен бірге «Қауіпсіз мектеп» жүйесін енгізу және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдауды «Platonuscollege» АТ-жүйесі арқылы автоматтандыру жоспарлануда.

Әлеуметтік сала шеңберінде Телеграм мессенджерінде Отбасы-бот құрылды. Мұнда көпбалалы жанұяларды өзектендіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар келесі ақпараттық жүйелер әрекет етеді: «Е-Собес», «Социальная помощь», «Иностранная рабочая сила», «Оралманы», «Рынок труда», «Е-халык» және Электронды ебек биржасы  (enbek.kz). Әлеуметтік саланы цифрландыру саласында қашықтан сурдоаударма жасау сервисін енгізу және инватакси қызметін автоматтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Smart City шеңберінде:

Ағымдағы жылдың наурыз айында апаттық-коммуналдық қызметтердің 109 қалалық call-орталығы іске қосылды. Осы жоба шеңберінде тұрғындар тәулік бойына ТҮКШ сұрақтары бойынша хабарласа алады.

Смартфондар үшін «Smart Uralsk» мобильді қосымшасы іске қосылды.  Мұнда ең өзекті 33 қалалық сервистер мен қызметтер жинақталған. Қосымшаны 10 мыңнан астам қала тұрғындары жүктеп алған.

«Қолжетімді әкімдік» жобасы іске қосылды. Оның негізінде «Жер учаскесін таңдау актісін келісу» қызметі автоматтандырылды. 2019 жылдың басында «Электронды архитектура» порталы іске қосылды, осы порталдың базасында 4 мемлекеттік қызмет толықтай автоматтандырылды (Эскиздік жобаны келісу, Бастапқы материалдарды ұсыну, Реконструкцияға шешім беру, Реконструкцияға бастапқы материалдарды ұсыну). Жер учаскелерін беруге аукциондар электронды форматқа ауыстырылды (zem.kz порталы арқылы).

Telegram мессенджерінде iKomek Uralsk чат-боты құрылды, осы чаттың көмегімен тұрғындар 109 қызметіне тұрғын үй-коммуналдық сұрақтар бойынша жүгініп, жеке сұрақтары бойынша аудандардың немесе қаланың әкіміне арыз-шағым жолдай алады. Чат-ботта  көпбалалы жанұялардың базасын өзектендіру, сонымен бірге тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді әзірлеу үшін пікірлер мен ұсыныстарды жинау жұмыстары жүргізіледі.

Көлік саласында көлікті диспетчерлеу жүйесі (автобустардың жылдамдығын, маршруттардан ерте шығуларды бақылау) енгізілді, INFOBUS мобильді қосымшасы іске қосылды; қала маршруттарында электронды билеттеу жүйесін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ТҮКШ саласын цифрландыру мақсатында қала толығымен LP-WAN базалық станциялармен жабылған. Бүгінде сымсыз технология бойынша 9 мың су есептеуіштері, 1168 жалпы үйге арналған жылу есептеуіштері, 7 мың электр қуатының есептеуіштері орнатылған. Е-КСК қосымшасы енгізілуде (60 мың пәтерге қызмет көрсететін 55 КСК тіркелген).

Жер қатынастары және құрылыс саласында: жылдың басынан БҚО Геоақпараттық порталын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (жер қатынастары саласын, соның ішінде жерді пайдалануды және ауыл шаруашылығын реттеуге арналған портал). Салынып жатқан нысандарға Smart Grid технологиялары енгізіліп, жаңа шағын ауданның 3D картасын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «3D-Cave» виртуалды жобалық жүйенің көмегімен білім беру ұйымдарының студенттері үшөлшемді ВІМ жобалауға үйренеді. 

Қауіпсіздік саласын цифрландыру шеңберінде «112 жедел қызметтердің бірыңғай Call-орталығының» (911 қызметіне балама ретінде) іске қосылуы жоспарлануда. Бұл барлық  жедел қызметтердің  (101, 102, 103 және ТЖ) өзара әрекеттестігін күшейтіп, үйлестіруге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылға өсімдік шаруашылығында 6 заманауи шаруашылықтар және мал шаруашылығында 15 смарт-ферма құру жоспарланған. «Ақылды сүт фермасы» салынатын болады. Бұл ет-сүт өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мал бағуға арналған пилотсыз ұшу аппараттары және GPS құралдар енгізілуде.

Бизнес саласында интернет сауданы, көлік және логистикалық қызметтерді (онлайн-дүкендерді ашу және қолдау) дамыту және т.б. жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Өнеркәсіп саласында пилотсыз ұшу апараттарын жинау және бағдаршам нысандары мен жол қозғалысын реттеу элементтерін жаңартылатын қуат көздерінде шығару іске қосылатын болады.

2019 жылдың 8 маусымында «Цифрлық Қазақстан» МБ бағдарламалары шеңберінде жеке инвестициялардың есебінен цифрлық экожүйені дамыту мақсатында цифрлық бастамаларды, стартаптарды тарту нүктесіне айналуды және цифрлық мәдениетті қалыптастыруды көздейтін БҚО «IT-HUB» алаңы іске қосылды. «IT-HUB» шағын индустриалды зона форматында резиденттерге оның аумағында тіркеліп, Коворкинг аймақты пайдаланып, кеңестер мен мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба БҚО ІТ Қауымдастығы, «Орал» ӘКК және БҚО Ақпараттандыру басқармасымен бірлесе отырып іске асырылды.