Просмотр события

Просмотр события

02.07.2019
2019 жылдың 1 шілдесі күні "Алем плаза" сауда үйінде «Цифрық Қазақстан» бағдарламасыны аясында ақпараттандыру
2019 жылдың 1 шілдесі күні "Алем плаза" сауда үйінде «Цифрық Қазақстан» бағдарламасыны аясында ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында білім, әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, денсаулық сақтау салаларында автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік болды. Жәрмеңкеге өткен жылдан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бірқатары автоматтандырылған облыстық денсаулық басқармасы, жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ Орал қаласының әкімі аппаратының бөлімдері қатыстырылды. Жәрмеңкені өткізудің мақсаты халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу тәртібі туралы ақпарат беру, қызмет алушыларға электрондық-цифрлық қолтаңбаны беру, мемлекеттік қызметке «e-gov» веб-порталы, Mgov мобильдік нұсқасы мен тelegram әлеуметтік желісінің «@EgovKzBot» каналы арқылы қол жеткізу барысын,мемлекеттік қызметтерді көрсету және электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету болып табылады. 75-ке жуық қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету саласында қажетті кеңестер берілді. Қала тұрғындарына үйден шықпай-ақ , қажетті мемлекеттік қызметті қалай алуға болатыны түсіндірілді. Мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Новые события