Просмотр события

Просмотр события

19.06.2019
2019 жылдың 18 маусымында Нұр-Сұлтан және Қарағанды Назарбаев интеллектуалды мектептерінің делегациясы 24 оқушы құрамымен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивімен танысты
2019 жылдың 18 маусымында Нұр-Сұлтан және Қарағанды Назарбаев интеллектуалды мектептерінің делегациясы 24 оқушы құрамымен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивімен танысты. Кездесу барысында, Нұр-Сұлтан және Қарағанды Назарбаев интеллектуалды мектептерінің  делегациялары «Туған елге тағзым» экспедициялық бағдарламасы аясында «Батыс Қазақстандағы Алаш арыстары» тақырыбы бойынша, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған Ғ.Қараш пен Х.Досмұхамедовтердің жеке қорларымен танысты. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві директорының орынбасары О.Тышқанбаев Батыс Қазақстан облысындағы  архивтың шығу тарихы туралы  және Ғ.Қараш пен Х.Досмұхамедовтердің қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне өз үлестерін қосып, Алашорданың қалыптасуына ықпал еткендігі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Нұр Сұлтан және Қарағанды Назарбаев интеллектуалды мектептерінің оқушылары өз тараптарынан Алаш арыстары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры А.Савгабаеваға Орал қаласының Назарбаев интеллектуалды мектеп директоры Т.Нурекешовтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

Новые события