Просмотр события

Просмотр события

03.07.2019
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту курстары ұйымдастырылады. Цифрлық сауаттылықты арттыру курстары төмендегі көрсетілген оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
  1. «Базалық цифрлық дағдылар» - дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін пайдалану. 
  2. «Ашық үкімет» - ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану.  
  3. «POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті» жəне «Электрондық сауда» -  тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату жəне ілгерілету дағдылары. 
  4. «Электронды үкімет жəне электрондық қызметтер» - электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін egov.kz электрондық үкімет веб-порталын пайдалану. 
  5. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» - дербес деректерді қорғау дағдылары жəне интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігі.  
Курстар 2019 жылдың маусым-тамыз айларында облыстың барлық аудандары мен Орал қаласында жүргізіледі. Курсқа қатысу – тегін. Оқыту курстарына тіркелу жəне қосымша ақпарат алу 24-84-24 нөмірі бойынша бірегей  call-center арқылы жүргізіледі.

Новые события