Просмотр события

Просмотр события

01.07.2019
ҚР Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасарымен кездесу
2019 жылдың 31-мамырында Қазақстан Республикасының Орталық  мемлекеттік архиві директорының орынбасары Жылысбаева Марзия Галиевна іс-сапарымен  Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінде болды. Батыс Қазақстан мемлекеттік архиві қызметкерлерімен пікір алмасып, архив саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Орталық  мемлекеттік архивінде шетелдік архивтерден түскен Қазақстан тарихына қатысты ең көне деген құжаттардың көшірмелері   16 ғасырдан басталып, барлығы 771 қор құжаттары мен  Республикадағы бірден-бір  кеңестік кезеңге дейінгі 1млн 500 мың істер сақталынған еліміздің көпбейінді архиві болып табылатындығы айтылды. Сонымен қатар, Орталық мемлекеттік архивте Батыс Қазақстан облысына қатысты да көне құжаттардың  кездесетіні жөнінде атап өтілді. Тұнғыш Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы  «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасына сай,  Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің электронды форматқа көшуіне байланысты, Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры Савгабаева Айжан Нургалиевна архивтегі жаңа бағыттағы жұмыстармен таныстырып, құжаттарды көшірмелеуде  жұмыстанудың тиімділігінің артқанын атап өтті. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінде барлығы 2500 қор құжаттарының 9 мың ісі көшірмеден өткізілді. Соның ішінде, аса құнды, партия қызметкерлерінің, нотариалдық және жеке құрам бойынша т.б. қор құжаттарының көшірмеден өткендігі туралы  айтылды. Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Орталық  мемлекеттік архиві директорының орынбасары Жылысбаева Марзия Галиевна Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің қорлар сақталатын коймасында болып, 1880 жылғы «Метрикалық кітаптары» және 1860жылғы «Московские вести» баспасөз басылымдарымен танысты.

Новые события